Кіріспе:
Интернет әлемі күн сайын жаңарып келеді. 5–7 жыл бұрынғы веб-стандарттар мен дизайндар бүгінде өзекті емес. Бұрынғы заманға сай жасалған сайттар бүгінгі қолданушы үшін ыңғайсыз, түсініксіз және тартымсыз көрінеді. Ескі сайт тек визуалды тұрғыдан ғана емес, бедел мен сенімділік, тіпті келушілер саны жағынан да кері әсер етуі мүмкін. Мұндай сайтқа келген адам сенімсіздік танытып, сіздің қызметіңізге күмәнмен қарауы мүмкін.
Веб-сайтыңыз интернеттің «ардагерлері» қатарына жататын-жатпайтынын тексеріңіз. Оны жаңарту қажет екенін көрсететін 10 нақты белгісін сипаттайық.
1. Ескі дизайн
Көп түрлі түсті элементтер, жылтырақ батырмалар, көзге ауыр көрінетін фонда орналасқан мәтіндер – мұның бәрі сайттың заманға сай емес екенін көрсетеді. Қазіргі тренд — минимализм, ыңғайлы навигация және оқуға жеңіл қаріптер. Қазіргі қолданушылар жылтырақты емес, жылдам, түсінікті және ұялы құрылғыда жақсы көрінетін интерфейсті қалайды.
Мысал: 2010 жылдары танымал болған «көлеңкелі батырмалар» мен анимациялық фондар бүгінде ескі стиль болып есептеледі.
2. Ұялы құрылғыларға бейімделмеген
Көптеген пайдаланушылар сайтқа смартфон арқылы кіреді. Егер мәтін тым ұсақ, беттер шашыраңқы болып немесе экранға сыймай жатса — бұл күрделі проблема. Бейімделген (адаптивті) сайт — бүгінгі күннің талабы.
Мысал: Қазақстандағы интернет қолданушылардың 75%-ы сайттарға телефоннан кіреді. Егер сайт ұялы нұсқада дұрыс көрінбесе, олар бірден шығып кетеді.
3. Беттердің баяу жүктелуі
Сайт 3-4 секундтан ұзақ жүктелсе, келушілердің көбісінің шыдамы жетпей қалып жатады. Бұған себеп — салмақты суреттер, ескірген кодтар және артық скрипттер. Жылдамдық – пайдаланушы тәжірибесі мен Google-да жоғарғы орынға шығудың басты факторларының бірі.
Кеңес: Сайт суреттерін WebP форматында жариялау, кэштеу, CDN пайдалану – жылдамдықты едәуір арттырады.
4. Flash немесе ескі технологиялардың қолданылуы
Егер сайтыңызда әлі күнге дейін Flash қолданылып жүрсе — «құттықтаймыз», сайтыңыз әбден ескірген деген сөз. Себебі браузерлер оны 2021 жылдан бері қолдамайды. Сонымен қатар, ескі jQuery скрипттері мен Java апплеттері де сайттың дұрыс жұмыс істеуіне кедергі келтіреді.
Кеңес: Сайт кодын тексеріп, қажетсіз кітапханалар мен плагиндерді алып тастаңыз.
5. HTTPS (SSL-сертификат) жоқ
Сайтыңыз http:// арқылы ашылса, браузер «қауіпсіз емес» деген ескерту шығарады, «қызыл экранға» тап болады. Бұл пайдаланушының сеніміне нұқсан келтіреді.
Неге маңызды: Google-да HTTPS бар сайттар жоғарырақ көрсетіледі. Сонымен қатар, SSL-сертификатпен форма, тіркеу, төлем жүйелері қауіпсіз болады.
6. Ескі ақпарат және өлі сілтемелер сайтыңыздың ескіріп қалғанын бірден білдіреді
Егер «Жаңалықтар» бөлімі 2020 жылдан бері жаңартылмаса, ал кейбір беттер ашылмай жатса — сайт белсенді емес, қараусыз қалған деген әсер қалдырады.
Мысал: Мекеме атауы немесе байланыс телефоны өзгеріп кеткенімен, сайтта бұрыңғы атауы тұрса — келушіге бұл сенімсіздік туғызады.
7. Контентті өз бетімен жаңарта алмау
Егер сайттағы телефон нөмірін өзгерту үшін веб-программистке жүгінуге тура келсе — бұл да бір елеулі проблема. Заманауи сайттар CMS арқылы оңай жаңартылып отыруы керек.
Кеңес: Сайтыңыз WordPress, Joomla, немесе 1С-Битрикс сияқты қарапайым қолданушыларға арналған жүйелерде болғаны абзал. Олар арқылы мәтінді, суретті, беттерді оңай өзгертуге болады.
8. SEO бойынша дұрыс құрылмаған
Ескі сайттарда:
– тақырыптар <h1>, <h2>
дұрыс қолданылмаған;
– мета-тегтер (title, description) жоқ;
– іздеу жүйелері оны дұрыс индекстемейді.
Сондықтан Google немесе Яндекс сіздің сайтыңызды төмен көрсетеді немесе мүлдем таппай қалады.
Кеңес: Rank Math сияқты SEO плагинін орнатып, барлық беттерге мета-мәлімет енгізу қажет.
9. Әлеуметтік желілермен байланыс болмауы
Пайдаланушылар бүгінгі күні сайттан тікелей WhatsApp, Telegram немесе әлеуметтік желіге өту мүмкіндігін іздейді. Бөлісу батырмаларының, чат, байланыс формаларының болмауы — қатынас арналарынан қол үзіп қалғаныңызды білдіреді.
Мысал: Сайтта «Бізбен хабарласыңыз» деген батырма WhatsApp-қа апарса – бұл өте ыңғайлы.
10. Сараптаманың болмауы
Сайтыңызға кімдер кіреді? Қай беттерді қарайды? Қай құрылғыдан? Егер мұны білмесеңіз, сайтыңыздың тиімділігін де бағалай алмайсыз. Google Analytics, Яндекс Метрика сияқты сервистерге сайтты тіркеу — бүгінгі күннің талабы.
Кеңес: Аналитика арқылы қай беттер танымал, қай беттен көп адам шығып кетеді – бәрін бақылап, сайтты оңтайландыруға болады.
Қорытынды: не істеу керек?
Егер осы 10 белгінің кем дегенде үшеуі сайтыңызға сәйкес келсе — оны жаңартатын уақыт жетті деген сөз. Уақытты созбай, клиенттеріңіз бен келушілеріңіздің сенімін арттыруға кірісіңіз.
Біз көмектесе аламыз!
Біздің команда мемлекеттік, білім беру және медициналық ұйымдарға арналған сайттарды әзірлеу және жаңарту саласында 10 жылдан астам тәжірибеге ие.
✅ Заманауи, ұялы құрылғыларға бейім дизайн
✅ Жаңартуға оңай басқару жүйесі
✅ Жылдам әрі қауіпсіз сайт
✅ Техникалық қолдау мен кеңес
📌 Сайтыңызға тегін экспресс-аудит жүргізіп берейік. Бізге хабарласыңыз — шешімді бірге табайық!