Цифрлық қызметтер
Қазіргі әлемде жылдамдық — табыстың шешуші кілтіне айналуда. Цифрлық заманның адамдары ұзын сілтемелерді теруге немесе қалың каталогтарды ақтарып отыруға уақыт жұмсағысы жоқ.
Біз ақылды QR-кодтар мен заманауи құралдардың көмегімен сіздің бизнесіңіз бен күнделікті істеріңізді толықтай цифрландыруға көмектесе аламыз. Смартфон камерасын бағыттау арқылы тұтынушыларыңызға қажетті ақпаратты, бағаларды, виртуалды турларды немесе құттықтауларды лезде жеткізу, бизнесті жылдамдату әрі оңтайландыру қызметтерін ұсынамыз.
Төменде біздің негізгі цифрлық шешімдеріміз тізімі көрсетілген. Өзіңізге немесе кәсібіңізге сай келетін ең оңтайлы нұсқаны таңдап, бізге хабарласыңыз.
Электронды ас мәзірі(меню)
Қалай жұмыс істейді:Клиент үстелдегі дайын кодты сканерлеп, өз телефонында фотосуреттері мен бағалары бар өзекті мәзірді көре алады.
Пайдасы:Әрқашан қолжетімді, жылдам, заманауи және тиімді (стоп-параққа немесе бағаның өзгеруіне бола мәзірді қайта басып шығарудың қажеті жоқ).
Қайда орналастыруға болады:Ас үстеліне, тағам қорабына(пиццаның мысалға), жарнамалық баннерге, сыртқы есікке т.т.
Тапсырыс беруге арналған QR-код:
Қалай жұмыс істейді:Клиент кодты сканерлеп, арнайы тапсырыс нысанынына бағытталады да өзіне қажет қызмет түрін таңдап жазыла алады.
Пайдасы:Сіз жұмыстан қолыңыз босамай жатса да клиенттер қызметіңізбен танысып тапсырыс жасай береді. Тіпті салоныңыз уақытша жабық тұрса да.
Қайда орналастыруға болады:Салондар, шаштараз, мединициналық мекеме, ателье т.т. кіреберісіне, буклетке, баннерге.
Интерактивті онлайн-тур (360°)
Қалай жұмыс істейді: Сатылымдағы ғимарат(пәтер), спорт клуб, мейрамхана интерьерін, қонақүй бөлмелерін немесе мұражай экспозициясын көрсетудің тамаша тәсілі.
Пайдасы:жылжымайтын мүлікті жылдамырақ сатуға немесе фитнес клуб не балабақшаға жаңа клиент тартуға септігі мол.
Қайда орналастыруға болады:хабарландыру, Google Map, 2gis карталарына, визитка, жарнамалық буклет т.т.
Сайтқа, онлайн хабарландыру, әлеуметтік желілерге және смарт қосымшаға өту
Қалай жұмыс істейді:
Пайдаланушыны лезде сіздің сайтыңызға, OLX, Колеса.кз, Крыша.кз хабарландыруыңызға, Instagram, TikTok парақшаңызға жібереді немесе Smart қосымшасын жүктеп ала алады.
Пайдасы:керекті адамға kazakhstan-international-school.kz немесе https://www.instagram.com/nazarbayevuniversity сияқты ұзын-сонар сілтеме жібермей-ақ бір QR код көрсете саласыз. Үй, көлік сатуға, бизнес жасауға көмегі мол.
Қайда орналастыруға болады:хабарландыру, тауар қорабы, көлік әйнегіне, кіреберіске, 2gis карталарына, визитка, жарнамалық буклет т.т.
Онлайн есептегіш(калькулятор)
Қалай жұмыс істейді:Клиент қажетті параметрлерді (қызмет түрі, материал, санын) таңдайды, ал жүйе жалпы құнын лезде автоматты түрде есептеп көрсетеді.
Пайдасы:Уақыт үнемдеу: Клиент менеджерді күтпей, бағаны өзі біледі. Ашықтық: Бағаның қалай құралатыны анық көрініп, сенімділік артады.
Қайда орналастыруға болады:Веб-сайт пен әлеуметтік желілерде, мекеменің қабылдау бөлімінде (ресепшен) және жарнамалық буклеттер мен прайс-парақшаларда.
Бұлттық файлдарға қол жеткізуге арналған QR-код
Қалай жұмыс істейді:Google Drive, Яндекс.Диск және басқа бұлттық серверлердегі жалпыға қолжетімді бумалар мен файлдарды жылдам ашуға немесе жүктеуге мүмкіндік береді.
Пайдасы:Әріптестермен және серіктестермен жұмыс регламенттерін, құжаттарды немесе медиа-мұрағаттарды бөлісу үшін таптырмас құрал.
Қайда орналастыруға болады:қызметтік құжаттарға, хабарландыру, баннерлерге, сайтқа
Кері байланыс және пікірлер жинау
Қалай жұмыс істейді:Код клиентті сауалнама формасына, пікір қалдыру парақшасына (2GIS, Яндекс.Карта) немесе видеошолуға бағыттайды.
Пайдасы:тауардың не қызметтің пікірі(отзывтары) көбейген сайын сұраныс та көбейеді(маркетинг заңы).
Қайда орналастыруға болады:Тауар затбелгісіне(этикетка), ыдысқа, чекке, қаптамаға, үстелге немесе қабылдау (ресепшен) бөліміне.
Пайдалану нұсқаулығына арналған QR-код
Қалай жұмыс істейді:Қалың қағаз нұсқаулықтарды алмастырады. Жиһаз құрастыру, аспаптарды баптау немесе қауіпсіздік ережелері бойынша бейнелерді(видеоролик) немесе нұсқаулықты(инструкция) ашады.
Пайдасы:әрқашан қолжетімді, қағаз инструкция басып шығарғаннан үнемдірек әрі видео арқылы түсіндіру жеңіл болмақ
Қайда орналастыруға болады:Тікелей жабдықтың не тауардың корпусына немесе қаптамасына.
Нақты геолокация және бағдар (маршрут)
Қалай жұмыс істейді:«Бізді қалай табуға болады» деген ұзақ түсіндірмелерді ұмытуға болады. Кодта координаттар (ендік пен бойлық) қамтылған және навигатор (2GIS, Google Maps) арқылы сіздің есігіңізге дейін маршрут құрастырады.
Пайдасы:клиент немесе шақырылған қонаққа жету маршруты жасалады
Қайда орналастыруға болады:шақыру билеті, хабарландыру, сайт т.т.
Цифрлық қызметтер
Жедел электронды визитка (vCard)
Қалай жұмыс істейді:Кодта сіздің байланыс деректеріңіз (аты-жөніңіз, фотоңыз(қаласаңыз), телефоныңыз, эл/поштаңыз, лауазымыңыз) шифрланады. Сканерлеу кезінде клиенттің телефоны сізді байланыс дәптеріне сақтауды өзі ұсынады.
Пайдасы:Телефонға жаңа контактты бірнеше секундта сақтау мүмкіндігі. Адамның аты-жөнін, нөмірін немесе эл. поштасын қолмен терудің қажеті жоқ, және де қате кету қаупі болмайды.
Қайда орналастыруға болады:Телефон экранына, бейджге, пластик немесе визит картасына, буклетке, ресепшенге т.т.
Дауыстық және бейне құттықтаулар
Қалай жұмыс істейді:Сканерлеу арқылы алған адам сізден әсерлі бейнеролик көріп немесе арнайы серверге жүктелген дауыстық құттықтауды не хабарламаны ести алады.
Пайдасы:Сыйлыққа шынайылық пен ерекше эмоция үстейді. Қашықтыққа қарамастан, жақындарыңызға өзіңіз қасында жүргендей әсер қалдырып, сыйлығыңызды ұзақ уақытқа есте қаларлықтай етеді.
Қайда орналастыруға болады:Құттықтау хат, сыйлық қорабы, гүлшоқ орамасына, шақыру билетіне
Биркаға(кілтбау), қарғыбауға, әмиян, құжат, телефон тыстарына QR-код (жоғалған жағдайға)
Қалай жұмыс істейді:Құтқарушы қызметін атқарады. Егер зат жоғалып кетсе, оны тапқан адам кодты сканерлеп, байланысу үшін сіздің контактілеріңізді көреді.
Пайдасы:жоғалған затыңызды табу жеңілдей түседі, құжат не кілтті қайрадан жасатып әуре болмайсыз.
Қайда орналастыруға болады:Кодты үй жануарыңыздың қарғыбауына, кілтбауға, құжат/телефон тысына немесе жолжүгіңізге қыстырып қоясыз.
Біз сондай-ақ төлем жасау(Kaspi Pay, Halyq, Сбербанк т.б.), тауарлар прайс парақшасына(немесе каталог), WhatsApp номерге, Wi-Fi желісіне жедел қосатын, қонақтарды тіркеу, музыкалық композиция т.б. QR кодтарын жасап бере аламыз.
???? Цифрлық қызметтерге қалай тапсырыс беруге болады?
- Жоғарыдағы тізімнен өзіңізге қажетті қызмет түрін таңдаңыз.
- Бізге сайт не файлдық бұлттың сілтемесін, мәтініңізді, файлыңызды немесе байланыс деректеріңізді жіберіңіз.
- Керек болса біз сайт, онлайн каталог, бұлт, эл. визитка, есептегіш немесе тапсырыс нысанын даярлап береміз.
- DamuService командасы жоғары сападағы дайын стильді QR-код жасайды.
- Оны кез келген жерде орналастырыңыз: визиткаларда, баннерлерде, футболкаларда, көліктерде, кружкаларда немесе веб-сайтқа.
Сіздің жобаңызға — мейлі ол білім беру мекемесі, медициналық орталық, сауда орны немесе жеке қызмет саласы болсын — толықтай бейімделген, сапалы цифрлық шешімдерді әзірлеуді ұсынамыз.
Бізбен серіктес болудың басты артықшылықтары:
- Жеке шешімдер: Біз жай ғана қалыпты QR-код жасамаймыз. Оның артындағы тұтас жүйені (онлайн есептегіштер, электронды мәзірлер немесе смарт-каталогтар) сіздің фирмалық стиліңізге сай етіп, нөлден құрастырамыз.
- Кешенді тәсіл: Техникалық баптаулардан бастап, заманауи дизайн мен сілтемелердің (файлдардың) үздіксіз жұмыс істеуіне дейін толық жауапкершілік аламыз.
- Сенімділік және қолдау: Тапсырысты қысқа мерзімде іске қосып, қажет болған жағдайда ақпаратты жедел жаңартуға көмектесеміз.
Бизнесіңізді жаңа деңгейге көтеруге дайынсыз ба? Уақытты оздырмай, дәл қазір хабарласыңыз! Біз сіздің идеяңызды ең тиімді әрі стильді форматта жүзеге асыруға дайынбыз.