сапалы әрі заманауи сайттар жасаймыз

Сонымен қатар мемлекеттік және жекеменшік интернет ресурстарға техникалық қолдау қызметін көрсетеміз

көрсететін қызметтеріміз

Damu Service

САЙТ ЖАСАП, ІСКЕ ҚОСУ

Интернет ресурс жасаудың соңғы технологияларын пайдалана отырып сапалы, сауатты әрі замануи сайттар даярлаймыз.

ТЕХНИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ

Домен, хостинг, қауіпсіздік сертификаттарын таңдау және төлемін жасау, 24/7 режимінде сайтты басқару және қолдау қызметтерін жүзеге асырамыз.

САЙТҚА РЕДИЗАЙН ЖАСАУ

Сайттың құрылымын, реңді схемасы мен типографиясын түбегейлі өзгерте отырып заманауи талаптарға сәйкес жаңа дизайн жасап береміз.

БИЗНЕСке арналған ЕРЕКШЕ QR ШЕШІМДЕР!

Мейрамханалар, кафелер мен барлар үшін: келушілеріңізді заманауи тапсырыс беру тәсілімен таң қалдырыңыз! QR код көмегімен тұтынушылар ас мәзіріне бірден қол жеткізіп тағамдарыңызбен танысады да тікелей өз құрылғысынан тапсырыс бере алады.

Білім беру мекемелері үшін: QR технологияларының көмегімен оқу үдерісін жеңілдетеміз. Студенттер онлайн материалдарға, сабақ кестесіне және басқа да маңызды ақпараттарға жылдам қол жеткізе алады.

Медициналық қызмет көрсетушілер үшін: пациент тәжірибесін жақсартыңыз. Біздің QR кодтар медициналық ақпаратқа, онлайн кездесулер мен ұсыныстарға жылдам қол жеткізуге мүмкіндік береді.

біздің үстемдіктеріміз

Заңды және жеке тұлғалармен жұмыс жасаймыз

Келісім-шарт, Атқарылған жұмыстар акті мен Электронды шот-фактура арқылы қызмет көрсетеміз. Төлемді қолма-қол ақша, мобильді аударма және банк есеп-шотына қабылдай аламыз.

Меңгеруі мен пайдалануы әлдеқайда жеңіл

Жасаған ресурстарымыз көп тараған платформаларда жасалғандықтан сайтты жылдам меңгеріп алуға болады. Сондай-ақ оны басқарып отыратын маманды табу қиынға соқпайды.

жасалған қызметтерге кепілдік береміз

Damu Service өзі жасаған сайттар мен көрсеткен қызметтеріне толық кепілдік береді. Егер серверде әлдебір мәселелер туындай қалса, біздің мамандар сізге мүмкіндігінше тезірек техникалық көмек көрсетеді.

БАРЛЫҚ ГАДЖЕТТЕРГЕ БЕЙІМДЕЛГЕН САЙТТАР

Қазіргі кезде сайтқа келушілердің едәуір бөлігін смартфон қолданушылары құрайды. Сол себепті сайттың әртүрлі экрандарға бейімді болуы өте маңызды.

тегін логотип жасап береміз

Сіздің мекемеңізге фирмалық стильді ескере отырып тегін әрі уникал логотип жасап немесе ескісін заманауи талаптарға сәйкес жаңартып бере аламыз.

мазмұны сауатты жасалған сайттар

Damu Service мамандары қазақ және орыс тілдерін жетік білгендіктен, даярлаған сайттарымыз граматикалық сауатты болатынына кепілдік береміз.