доменді қалай таңдаған дұрыс?

Домен атауын таңдау оны пайдалану әдісіне байланысты. Көп жағдайда ол туралы адамдарға телефонмен айтуға және жазуға оңай болатынын таңдау маңызды. Ең алдымен есте қаларлық және шиеленіспейтін атауды таңдау керек. Егер сіздің бизнесіңіз интернеттің қазақстандық сегментіне бағдарланған болса, онда .kz аймағынан домен таңдайсыз, ал егер сайтыңыз әлемдік аудиторияға арналған болса, .com-мен аяқталатын доменді таңдаған абзал.

сайт жасау қанша уақыт алады?

Веб-сайтты даярлауға кететін уақыт оның күрделілігіне және жұмыс көлеміне байланысты. Сайт жедел қажет болса, біз оны жылдамырақ орындауға тырысамыз. Кідірістің жиі кездесетін себептерінің бірі: тапсырыс беруші контентті (мәтін/сурет) уақытында жібере алмауынан болып жатады. Орта есеппен бір веб-сайтты жасау және іске қосу үшін бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін уақыт кетеді.

сайтты жасау процесі қалай жүзЕге асады?

Веб-сайттың жасалу процесі бірнеше кезеңде жүзеге асырылады:

  1. Сайттың дизайнын, құрылымын және құнын талқылау және айқындау
  2. Техникалық тапсырма (техникалық сипаттама) дайындау
  3. Шартқа қол қою және 25% мөлшерінде аванстық төлемді жүзеге асыру
  4. Сайтты әзірлеу, іске қосу және сынақтан өткізу
  5. Атқарылған жұмыстар туралы акт жасау және қалған соманы төлеу
  6. Тапсырыс берушіге барлық қолжетімділікті беру және сайтты басқару бойынша үйрету
  7. Кепілдемелік қызмет көрсету (12 ай)
сайт дизайнын талқылау үшін бетпе-бет кездесу міндетті ме?

Көп жағдайда жүздесу өткізу талап етілмейді, ал сайттағы барлық жұмыс мәселелерін телефон, мессенджер немесе электрондық пошта арқылы шешіледі. Сайтты уақытша доменге кері жүктейміз де оның сілтемесін Сізге жібереміз. Содан кейін біз Сізбен бірге сайттың құрылымын талқылап, ұнамаған жерлерін түзеп көңіліңізден шыққанша жұмыс істейміз. Сайт әбден дайын болмайынша интернетке жария етілмейді.

сайтты жасау қаншаға түседі?

Веб-сайттың құны оның күрделілігіне байланысты өзгеріп отырады. Біз сіздердің талаптарыңызды ескере отырып талқылап, баға ұсынымын даярлап береміз. Сондай-ақ, біздің қызметтеріміздің құнын анықтау үшін онлайн есептегішті пайдалана аласыз.

сайт даяр болған соң ол кімге тиесілі болады?

Сайт сізге тиесілі. Біз сайтқа, доменге, хостингке, дерекқорға, статистикаға, пошта жәшіктеріне және т.б. барлық қолжетімділікті қамтамасыз етеміз. Сондай-ақ файлдар мен дерекқорлардың толық мұрағатын жібереміз.