
ЖИ ассистент дегеніміз не?
Бұл жай ғана дайын батырмалары мен шаблонды жауаптары бар чат-бот емес. Бұл — заманауи жасанды интеллект модельдері (Gemini, ChatGPT, DeepSeek) негізінде жұмыс жасайтын толыққанды виртуалды кеңесші.
ЖИ ассистент біздің қорғалған серверлерімізге орнатылады да клиенттеріңізбен табиғи түсінікті тілде сөйлесе алады. Ол сұрақтың мәнмәтінін түсіну, қате жазылған сөздерді ескеру, күрделі сұрақтарды түсіну және мазмұнды диалог жүргізу жағынан адам интелектінен қалыспайды.
Тәжірибелі мамандарға сеніңіз. Біздің команда веб-әзірлеу және техникалық қолдау саласында 10 жылдан астам тәжірибеге ие. Біз кез келген күрделіліктегі ЖИ шешімдерін сапалы баптап, тұрақты жұмысын қамтамасыз етеміз.
Бизнеске ЖИ ассистент енгізудің 8 себебі
1. 24/7 жедел кеңес беру
ЖИ-ассистент клиенттердің сұрақтарына тәулік бойы, демалыс және мереке күндеріне қарамастан жіті жауап береді. Клиенттеріңіз қажетті ақпаратты кез келген уақытта ала алады.
2. Әлеуетті клиенттердің байланыс деректерін жинау
Ассистент қажет болған жағдайда келушіден аты-жөнін, телефон нөмірін және басқа да байланыс деректерін сұрай алады.
3. Ақылды навигация және қажетті сілтемелер
Ассистент клиентті қажетті ақпаратқа бағыттауды біледі: сайттың тиісті бетіне, онлайн жазылу немесе брондау сервисіне, әлеуметтік желілеріңізге, бейнетурға және басқа ресурстарға сілтеме бере алады.
4. Файлдармен жұмыс
Клиент сұраған жағдайда ассистент прайс-парақтарға, нұсқаулықтарға, презентацияларға және басқа да қажетті файлдарға жүктеп алу сілтемелерін ұсына алады.
5. Көптілді қолдау
ЖИ-ассистент қазақ, орыс, ағылшын және басқа да тілдерде кеңес бере алады. Осылайша өзге тілде сөйлейтін клиенттермен жұмыс істеу жеңілдейді.
6. Қызметкерлердің жұмыс жүктемесін азайту
Ассистент баға, мекенжай, жұмыс кестесі, қызмет түрлері және басқа да қайталанатын сұрақтардың 80%-на дейін өңдей алады. Бұл қызметкерлердің уақытын күрделі әрі маңызды міндеттерге бағыттауға мүмкіндік береді.
7. Нақтылық және қауіпсіздік
Ассистент компанияңыз ұсынған ақпараттық база шеңберінде ғана жұмыс істейді. Ол жоқ қызметтерді ойдан шығарып компанияңызда қарастырылмаған жеңілдіктерді ұсына алмайды.
8. Ақпаратты толық бақылау
Сізге жүйені басқаруға арналған ыңғайлы панельге қолжетімділік(доступ) беріледі.
Егер бағалар өзгеріп немесе жаңа қызметтер қосылып жатса, ақпараттық базаға жаңа мәліметті қоссаңыз жеткілікті. Ассистент жаңартылған ақпаратты жауаптарында бірден қолдана бастайды.
ЖИ ассистент қандай бизнеске қолайлы?
Біздің ЖИ ассистент клиенттерден бір типтегі сұрақтар жиі түсетін кез келген салаға бейімделе алады.
Қызмет көрсету саласы
Сұлулық салондары, фитнес орталықтары, автосервистер, клининг қызметтері, жөндеу компаниялары, заңгерлер, туристік агенттіктер және т.б.

Негізгі міндеттері:
- қызметтер туралы кеңес беру;
- бағалар туралы ақпарат ұсыну;
- онлайн жазылу немесе брондау сілтемесін беру;
- клиенттің байланыс деректерін жинау.
Білім беру саласы
Оқу орталықтары, мектептер, балабақшалар, онлайн курстар.
Негізгі міндеттері:
- оқу бағдарламаларын таңдауға көмектесу;
- сабақ кестесі бойынша ақпарат беру;
- оқу жоспарлары мен басқа да қажетті файлдарға сілтеме ұсыну.
Сауда саласы
Негізгі міндеттері:
- тауарлардың сипаттамалары бойынша кеңес беру;
- жеткізу және төлем шарттарын түсіндіру;
- тауарлар каталогына және прайс-параққа сілтеме беру.
Жылжымайтын мүлік және құрылыс
Негізгі міндеттері:
- тұрғын үй кешені мен оның инфрақұрылымы туралы ақпарат беру;
- нысандардың бейнетурларына сілтеме ұсыну;
- пәтер жоспарлары мен презентацияларды жіберу.
Медицина және клиникалар
Негізгі міндеттері:
- медициналық қызметтер туралы ақпарат беру;
- талдаулардың құны туралы хабарлау;
- медициналық процедураларға дайындық ережелерін түсіндіру.
B2B және корпоративтік сектор
Негізгі міндеттері:
- компанияның қызметтері мен мүмкіндіктерін таныстыру;
- әлеуетті серіктестердің байланыс деректерін жинау;
- қажетті ақпарат пен материалдарға сілтеме беру.
Идеядан іске қосуға дейін — небәрі 1–5 жұмыс күні!
Біз ЖИ ассистентті қолданыстағы бизнес процестеріңізге кедергі келтірмей, мүмкіндігінше жылдам енгізуге мүмкіндік беретін нақты жұмыс тәртібін қалыптастырдық.
1. Брифинг
Бизнесіңіз, ассистенттің міндеттері және клиенттер жиі қоятын сұрақтар туралы қажетті ақпаратты жинаймыз.
2. Жобалау
ЖИ моделіне арналған жеке жүйелік нұсқаулықты әзірлейміз және компанияңыздың ақпараттық базасын құрылымдаймыз.
3. Серверлерді баптау
ЖИ модельдерін қосып, барлық қажетті серверлік инфрақұрылымды біздің серверлерімізде баптаймыз.
4. Тестілеу және демо
Сізге жұмыс істейтін демо нұсқаны ұсынамыз. Сіз диалогтарды өзіңіз тексеріп, жауаптардың дұрыстығын бағалай аласыз.
5. Іске қосу және оқыту
Жүйені іске қосып, басқару панеліне қолжетімділік береміз. Ақпараттық базаны өзіңіз қалай оңай жаңартуға болатынын көрсетеміз.
Жасырын төлемдерсіз ашық тарифтер
1. Бір реттік төлем — қосу және баптау
Бағаға мыналар кіреді:
- ЖИ-ассистентті серверге орналастыру;
- компанияңыздың ақпараттық базасын жүктеу және құрылымдау;
- жүйелік нұсқаулықты әзірлеу;
- ассистенттің жұмыс логикасын баптау.
2. Ай сайынғы қызмет көрсету
Бағасы ақпараттық базаның көлеміне байланысты анықталады.
Ай сайынғы төлемге мыналар кіреді:
- ЖИ модельдерінің API қызметтерін пайдалану шығындары;
- сенімді серверлік хостинг;
- жүйенің тұрақты жұмысын техникалық қолдау;
- бонус: айына 1 рет ақпараттық базаны тегін жаңарту және мамандарымыздың көмегімен ауқымды өзгерістер енгізу.
Жиі қойылатын сұрақтар
ЖИ-ассистент менің сату менеджерлерімді алмастыра ала ма?
Жоқ. ЖИ-ассистент — клиенттермен жұмыс істеудің алғашқы желісі ретінде тиімді құрал.
Ол қайталанатын сұрақтарды өңдейді және қызметкерлердің уақытын үнемдейді. Егер клиентке күрделі кеңес қажет болса, ассистент оның байланыс деректерін сұрай алады немесе тірі маманмен байланысу үшін телефон нөмірін, WhatsApp және басқа байланыс арналарының сілтемелерін ұсынады.
Егер клиент ақпараттық базада жоқ сұрақ қойса не болады?
ЖИ-ассистенттің жұмысында нақты шектеулер қарастырылған. Ол белгісіз ақпаратты ойдан шығармайды.
Егер қажетті ақпарат базада болмаса, ассистент клиентке бұл туралы ашық хабарлайды және мәселені нақтылау үшін компаниямен байланысудың ыңғайлы жолдарын — WhatsApp, телефон немесе басқа байланыс арналарын ұсынады.
ChatGPT немесе Gemini сияқты нейрожелілердің токендері үшін немесе сервер үшін бөлек төлем жасауым керек пе?
Жоқ. Жасырын төлемдер жоқ.
ЖИ модельдерінің API қызметтерін пайдалану және серверлік инфрақұрылымға жұмсалатын шығындар ай сайынғы белгіленген төлемге кіреді.
Бағаларымыз өзгерсе, ассистенттің жауаптарын өзім өзгерте аламын ба?
Иә.
Сіз жүйенің басқару панеліне қол жеткізесіз. Ақпаратты өзгерту немесе жаңарту кәдімгі мәтіндік бетті өңдеу сияқты оңай жүзеге асырылады.
Жаңа ақпарат енгізілгеннен кейін ассистент оны жауаптарында бірден қолдана бастайды.
ЖИ-ассистентті өз бизнесіңізде сынап көргіңіз келе ме?
Біз өз өніміміздің мүмкіндіктеріне сенімдіміз. Сондықтан соңғы төлем жасалғанға дейін сіздің бизнесіңіз туралы берілген ақпарат негізінде жұмыс істейтін демо нұсқаны дайындаймыз.
Сіз ЖИ ассистенттің жұмысын өзіңіз тексеріп, оның бизнесіңізге қаншалықты пайдалы екенін бағалай аласыз.
Кілт сөздер: ЖИ ассистент, ЖИ көмекші, ИИ помощник, ИИ ассистент, Сайт бот, ИИ для бизнеса
