Домен атауын таңдау оны пайдалану әдісіне байланысты. Көп жағдайда ол туралы адамдарға телефонмен айтуға және жазуға оңай болатынын таңдау маңызды. Ең алдымен есте қаларлық және шиеленіспейтін атауды таңдау керек. Егер сіздің бизнесіңіз интернеттің қазақстандық сегментіне бағдарланған болса, онда .kz аймағынан домен таңдайсыз, ал егер сайтыңыз әлемдік аудиторияға арналған болса, .com-мен аяқталатын доменді таңдаған абзал.
сайт жасау қанша уақыт алады?
Веб-сайтты жасауға қажетті уақыт оның күрделілігіне және жұмыс көлеміне байланысты. Егер сізде соңғы мерзім болса, біз оған сай болуға тырысамыз. Кешіктірудің ең жиі себебі – клиенттің өзінен келетін контент (мәтін/суреттер). Бір веб-сайтты жасау және іске қосу орташа есеппен бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін уақыт алады.
сайтты жасау процесі қалай жүзЕге асады?
Веб-сайттың жасалу процесі бірнеше кезеңде жүзеге асырылады:
Сайттың дизайнын, құрылымын және құнын талқылау және айқындау
Техникалық тапсырма (техникалық сипаттама) дайындау
Шартқа қол қою және 25% мөлшерінде аванстық төлемді жүзеге асыру
Сайтты әзірлеу, іске қосу және сынақтан өткізу
Атқарылған жұмыстар туралы акт жасау және қалған соманы төлеу
Тапсырыс берушіге барлық қолжетімділікті беру және сайтты басқару бойынша үйрету
Кепілдемелік қызмет көрсету (12 ай)
сайт дизайнын талқылау үшін бетпе-бет кездесу міндетті ме?
Көп жағдайда жүздесу өткізу талап етілмейді, ал сайттағы барлық жұмыс мәселелерін телефон, мессенджер немесе электрондық пошта арқылы шешіледі. Сайтты уақытша доменге кері жүктейміз де оның сілтемесін Сізге жібереміз. Содан кейін біз Сізбен бірге сайттың құрылымын талқылап, ұнамаған жерлерін түзеп көңіліңізден шыққанша жұмыс істейміз. Сайт әбден дайын болмайынша интернетке жария етілмейді.
сайтты жасау қаншаға түседі?
Веб-сайттың құны оның күрделілігіне байланысты өзгеріп отырады. Біз сіздердің талаптарыңызды ескере отырып талқылап, баға ұсынымын даярлап береміз. Сондай-ақ, біздің қызметтеріміздің құнын анықтау үшін онлайн есептегішті пайдалана аласыз.
сайт даяр болған соң ол кімге тиесілі болады?
Сайт сізге тиесілі. Біз сайтқа, доменге, хостингке, дерекқорға, статистикаға, пошта жәшіктеріне және т.б. барлық қолжетімділікті қамтамасыз етеміз. Сондай-ақ файлдар мен дерекқорлардың толық мұрағатын жібереміз.
Мобильді қосымшаны әзірлеу әдетте миллиондаған теңге тұрады. Неліктен сізде баға 50 000 теңгеден басталады?
Біз ілгерлі PWA (Progressive Web App) технологиясын қолданамыз. Бұл — iOS және Android үшін жеке-жеке ауыр нативті қосымшаларын жасамастан жұмыс істеуге мүмкіндік беретін заманауи әзірлеу форматы. Сіз классикалық әзірлеуге кететін қыруар шығынсыз, мобильді қосымшаның толыққанды функционалын аласыз. Бұл ұйым бюджетінен жүздеген мың, кейде тіпті миллиондаған теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді.
Мұндай қосымшаның біз үшін басты қаржылық тиімділігі неде?
Басты тиімділік — бастапқы кезеңде де (50 000 теңгеден бастап), ұзақ мерзімді перспективада да орасан зор қаражат үнемдеу. Сізге екі түрлі нұсқаны (Apple және Android үшін) жасауға ақша төлеудің қажеті жоқ, сондай-ақ әзірлеушінің қымбат аккаунттарын төлеудің және қосымшалар дүкендеріне комиссия берудің қажеті жоқ. Бұл — ең аз салыммен бизнесіңізді немесе мекемеңізді цифрландыруға арналған тамаша құрал.
Біз өз клиенттерімізге push-хабарламалар жібере аламыз ба?
Иә, әрине. Push-хабарламалар — біз ұсынып отырған шешімнің ең мықты тұстарының бірі. Сіз маңызды жаңалықтарды, хабарландыруларды немесе акцияларды тікелей пайдаланушылардың смартфон экрандарына жібере аласыз. Бұл — ақылы SMS-таратылымдарға кететін шығындарды толығымен жоя отырып, аудиториямен байланыста болудың тамаша тәсілі.
Егер қосымша App Store, Google Play дүкендерінде болмаса, пайдаланушылар оны қайдан жүктеп алады?
Орнату процесі классикалық дүкендерге қарағанда әлдеқайда оңай әрі жылдам. Пайдаланушыға тек QR-кодты сканерлеу немесе сілтеме арқылы өту жеткілікті. Экранда «Басты экранға қосу» (Добавить на главный экран) деген ұсыныс пайда болады, және бір-ақ рет басу арқылы қосымшаңыздың фирмалық белгішесі телефон мәзірінде шығады. Бізге модераторлардың мақұлдауын апталап күтудің қажеті жоқ — қосымша іске қосылған сәттен бастап таратуға дайын.
Қосымша барлық смартфондарда жұмыс жасай ма?
Иә, бұл технология кроссплатформалық болып табылады. Қосымша кез келген заманауи құрылғыларда — iPhone (iOS) және Android базасындағы смартфондарда бірдей жылдам әрі тұрақты жұмыс жасайды.
қосымша телефон жадынан көп орын ала ма?
Жоқ, бұл — пайдаланушылар үшін үлкен артықшылық. Жүздеген мегабайт орын алатын стандартты бағдарламалардан айырмашылығы, біздің қосымша құрылғыда өте аз орын алады, өте жылдам жұмыс істейді және смартфон жадын ауырлатпайды.