2024 жылы Қарағанды облысының білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан қалай өтті?

2024 жылға 249 білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттау өткізу жоспарланды, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарында — 41 (мемлекеттік-12, жеке меншік-29), орта білім беру ұйымдарында — 208 (мемлекеттік-208).

249 білім беру ұйымының 10 білім беру ұйымында (бастауыш мектеп-8, мектепке дейінгі ұйым-2) ұйымның таратылуы және жабылуына байланысты мемлекеттік аттестаттау өткізілмеген.

2024 жылдың соңында мемлекеттік аттестаттау 239 (100%) білім беру ұйымдарында, оның ішінде 39 (100%) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарында, 200 орта білім беру ұйымдарында (100%) өткізілді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың 39 ұйымының 8-і (20,5%) бірінші реттен аттестаттау комиссиясының оң қорытындысын алды, 31 (79,5%) аттестатталмады.

Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өтпеу себептері:

— мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларының талаптарын бұзу, жас бойынша топтардың толымдылығының сәйкес келмеуі бөлігінде;

— педагог лауазымын атқаратын лауазымы бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі жоқ тұлғалар атқаруында;

— педагогтердің біліктілік санаттарының деңгейін уақтылы көтермеу/растау;

-оқу-тәрбие процесінің перспективалық жоспарлары мен циклограммалары тәрбиеленушілердің жасын ескерусіз әзірленген.

200 орта білім беру ұйымының 12-сі (6%) бірінші реттен аттестаттау комиссиясының оң қорытындысын алды; 188-і (94%) аттестатталмады.

Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өтпеу себептері:

— біліктілік талаптарын бұзу, атап айтқанда edu.kz аймақта үшінші деңгейдегі домендік атаудың, бастауыш сынып оқушыларының жеке пайдалануына арналған шкафтардың болмауы, біліктілікті арттыру курстарынан уақтылы өтпеуі, педагогтердің сапалық құрамы белгіленген нормадан төмен болуы, тиісті бейін бойынша арнайы педагогикалық білімі жоқ тұлғалар педагогикалық қызметпен айналысуға жіберілгені;

— МЖМС талаптарын бұзу: «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері», «Жол қозғалысы ережелері» оқу курстары толық көлемде іске асырылмаған;

— ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды оқыту кезінде инклюзивті білім беру талаптары орындалмайды (бейімделген оқу бағдарламалары ұсынылмаған, ПМПК қорытындысымен ұсынылған білім алушылармен түзету жұмыстары ұсынылмаған және т. б.);

— жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушылардың даярлық деңгейін бағалау нәтижелері МЖМС талаптарына сәйкес келмеуі (рұқсат етілген нормаға сәйкес келмейді, яғни 40% — дан төмен).

Қарағанды облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті